Уақыттың жеңіл тынысында ежелгі дәуірдің дауыстары қайта тіріледі. Сөздерге қашалып жазылған даналық — ғасырлар бойы естіліп, әр сәтке мән-мағына береді. Нақыл сөздер — бұл өткеннің жаңғырығы ғана емес, олар ұрпақтарды жалғайтын көпір іспеттес. Онда дәстүрлер қазіргі заманмен тоғысады, ал ғасыр шыңдықтары бүгінгі күнде жаңа үн табады.

Бұл күнтізбенің әр беті тек даналық үзіндісін ғана емес, ұлы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің жолдарымен өрілген өнер туындысын бейнелейді. Олардың сөздері кең даладағы жел сыбдыры сияқты, бізге уақыттың өзгермелі екенін және өзгерістердің сөзсіздігін еске салады. Өткеннің ұлы ұстаздарының бізге қалдырған баға жетпес сабақтары, бүгінгі күні заманауи технологиялардың арқасында жаңа дауысқа ие болып отыр. Әр айдың визуалды бейнелері терең даналық әлеміне боялатып, қиялға қанат бітіреді және жеке интерпретациялар мен шабытқа жол ашады.

«Қазақтың қанатты сөздері» жобасы — «Қазақтелеком Бизнес», «Qazaq Culture» жобасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық Музыкалық-Драма Театры, фотограф Таулан Маханбетов және графикалық дизайнер Оңғарбай Исаков арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асқан бірегей мәдени бастама. Бұл жоба Қазақстанның бай мәдени мұрасын дәріптеумен қатар, әрбір қолданушыға жаңа айды саналы түрде бастауға, өнімділік пен ішкі үйлесімділікке ұмтылуға шабыт беруді көздейді.