Әбу Насыр әл-Фараби
«Өз ісіңнің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да — игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн».
Әбу Насыр әл-Фараби (870 — 950) — ұлы ғалым және философ, орта ғасырлардағы алғашқы энциклопедистердің бірі. Ислам философиясы мен ғылымының, Шығыстың зияткерлік тарихының ең ірі өкілі.

Әбу Насыр әл-Фараби сөздері кемелдік пен шеберлік үшін кәсіби дамуға деген ұмтылыс пен қажымас талпыныс қажет екенін көрсетеді. Адам өз кәсібін жетілдіруде әрдайым жаңа білім мен дағдыларға ұмтылып, тоқтаусыз ізденісте болуы керек.
Рөлді сомдаған
Жүнүсов Біржан